Байқау балғын дарындардың бар екендігін байқатты
Өткен аптада Құлсарыдағы жаңа мәдениет үйінде ІІ «Айгөлек» ән-би байқауы болып өтті. Аудандағы жас дарындарды анықтап, таланттыларын шыңдау арқылы республика көлеміндегі үлкен өнер додаларына дайындауды мақсат тұтқан бұл сайыс 6-дан 9 жас аралығы мен 10-нан 14-ке дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды.Айта кету керек, осыған дейінгі додаларда топ жарған өнерпаздарымыз Лилия Төлегенова мен Шерхан Сатыбалдиевтер республикалық «Айгөлек» фестивалінің бесінші маусымында өнер көрсететін болады. Ал Наркиза Максимова ақтық финалға дейін көтеріліп, өз өнерін жалпақ елге паш етіп оралды. Демек, бұл байқау да – сондай дарындыларымызды даралау үшін шымылдығын ашқан кезекті сахналық іріктеу сайысы еді. Әрине, «Сахна киелі ғой» деп әнші Жайна Нұрханова айтқандай, бақ сынауға ұмтылған балғын өнерпаздардың қатары өте көп болғанымен де, әйгілі әнші, Атырау қаласындағы Кіші Өнер академиясының мұғалімі Ақжүніс Сарбалинаның өзі төрайымдық еткен әділқазылар алқасының ұйғаруымен сахналық сыннан сүрінбей өту тек «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпардың» ғана маңдайына жазылды.
Сонымен байқаудың шымылдығы ашылып, оны жүргізу үшін сахнаға көрерменін баурап әкетер әдемі әзіл мен сүйкімді сөздерімен жас таланттар Наркиза Максимова, Шерхан Сатыбалдиев пен Айнұр Тасимовалар шықты. Алғашқы сөз кезегі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Нұрбай Сүйембаевқа берілді.
Қалың қар аршылды, бірақ ауа райы тағы бұзылды
Егер ескіден келе жатқан қазақша жыл санауымызға жүгінер болсақ, онда қазіргі қаһарына мініп тұрған қытымыр қыс нағыз Қоян жылына тап келіп тұр. Ал ежелден Қоян жылғы қыстың қолайлы болған кезі кездескен емес. «Қоян жылы қыс қатты болады» дейді екен ата- бабаларымыз. Ендеше, тұтастай алғанда, еліміз бойынша қазақ даласында ақшұнақ аяздың күшіне мініп, қалың қарлы боранның соғуы -табиғи заңды құбылыс.Егер ескіден келе
жатқан қазақша жыл санауымызға жүгінер болсақ, онда қазіргі қаһарына мініп тұрған қытымыр қыс нағыз Қоян жылына тап келіп тұр. Ал ежелден Қоян жылғы қыстың қолайлы болған кезі кездескен емес. «Қоян жылы қыс қатты болады» дейді екен ата- бабаларымыз. Ендеше, тұтастай алғанда, еліміз бойынша қазақ даласында ақшұнақ аяздың күшіне мініп, қалың қарлы боранның соғуы -табиғи заңды құбылыс.
Әлсін-әлсін шығыстан соққан ызғарлы желмен жер бетіндегі тіршілік атаулының бетін қаратпай тұрған қаңтардағы жаяу бұрқасынның соңы айдың 27-сінен кейін кәдімгі ақтүтек боранға ұласа бастады. Ауа райының бұлайша көз көрсетпестей күрт құбылып кетуіне үздіксіз жауған ақ ұлпа қардың да себепші болғандығы анық. Ал келесі сенбі күннен, яғни қаңтардың 28-нен бастап жел күшейе түсіп, арты ақтүтек боранға ұласты.
Защити КазНет! Сделай свой выбор!
Нажми сюда и проголосуй!
Автомобили в снежном плену
В Макатском районе Атырауской области из-за обильного снегопада крайне осложнилась ситуация с транспортным сообщением между населенными пунктами
В ночь с 31 января на 1 февраля на автомобильной дороге Доссор-Байчунас протяженностью 37 километров в глубоком снегу увязли сразу 13 автомашин. Для спасения остающихся почти сутки в открытой степи людей направлена снегоуборочная техника. Стали непроходимыми и дороги, ведущие к месторождениям Ботакан, Карсак, Жолдыбай. Нефтяники с восьмичасовым графиком работы не могут туда добраться.
- 10 водителей сообщили, что они застряли в снегу на трассе Атырау-Актобе, – сообщил аким Макатского района Килымгали КАЙНЕНОВ. – До прибытия снегоуборочной техники с ними поддерживается постоянная связь по мобильному телефону.
Ляззат КАРАЖАНОВА
Источник azh.kz
Снежный плен
В Жылыойском районе идут поиски трёх нефтяников, пропавших в буране
Хронику происшествий сообщил «АЖ» заместитель начальника областного управления по мобилизационной подготовке, гражданской обороне, организации предупреждения и ликвидации аварий и стихийных бедствий Асылбек УТЕГАЛИЕВ.
26 января двое работников крестьянского хозяйства «Кенiш», расположенного в 15 километрах от села Актогай Махамбетского района на водовозе и автомашине «Нива» попали в буран на степной дороге.
27-го встревоженные их отсутствием родственники обратились в областное управление по ЧС. Началась операция по их спасению. Компания «Аджип ККО» выделила для поисков вертолет, однако из-за плохой видимости он вернулся ни с чем. Далее поиски велись на вездеходе «Трэкол», буквально на днях подаренном Западному региональному аэромобильному спасательному отряду (ЗРАСО). Благодаря сотовой связи, поддерживаемой с заблудившимися, 28 января в 4.30 утра их удалось найти живыми и невредимыми. Первым делом замерзших мужчин отогрели, дали горячей еды. Прочитать остальную часть записи »
Из-за сильной метели ограничено движение на трассе «Доссор-Кульсары» в Атырауской области
Қараусыз апандардың араны ашылғанын күтеміз бе? (+фото)
Құлсары қаласындағы №18 М.Сатыбалдиев мектебі мен 3-ықшам ауданның № 28А үйінің арасында , су құбырлары жүргізілген аймақ бар. Жазда құбырларға жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын, алайда жұмыс жүргізген мекеме ме, әлде қабылдап алған құзырлы орындар ма, беймәлім жасаған жұмысымыз көрінсін дегендей, казылған құбырларды «мені көрдіңдер ма, мен бармын, жөндеуден өттім» деп жар салып тұрғандай етіп ашық қалдырып кетті.
Жұмыс жүргізгендер ақшасын алса болды дейік, ол жаңалық емес, қабылдап алған орындар қайда қарады екен.
Күніне осы жермен 100-ге жуық мектеп оқушылары өтеді. Одан басқа адамдарды санамағанда, ал қазір қыстың кезінде тіпті көктайғақ және жердің өзі де дөңестеу, яғни егер адамның аяғы тайып құласа тура шұңқырға құлайды.
2009 жылдың қысында, су құбыры шұңқырының қақпағы жоқтықтан 2 класс оқушысы құлап қайғылы жағдай орын алды, әлі жан түршіктіреді, Онда да жабулы қазан жабулы күйінде, ал сәби өміріне қауіп төндірер шұңқырлар әлі де ашық күйінде жатыр. Ол кезде металл тапсырушылардан көрдік, енді мынаны кімнен көреміз? Жұмыстарын аяқсыз жасаған мекемеден бе, әлде немқұрайлықпен қарайтын жұмысты қабылдап алушыдан ба. Құдай сақтасын әрине әзірге құлап, жарақат алғаны болмаса , өмірден кеткен адам жоқ, Бірақ қайғылы жағдай болғанға дейін жеткізбей сол апандардын аузын жапса болмай ма? Балалар көп жүретін жерлерге мұндай немқұрайлықпен қарауға болмайды. Әрине кінәлі іздеп, біреуді қаралағаннан ештеңе шықпас. Біздің құзырлы орындар «білмей отырған болар» деген оймен, осы хатты жолдап отырмыз. Хатымыз аяқсыз, дабылымыз естусіз қалмай, тиісті шаралар жүргізіледі деп үміттенеміз.




