Түйе палуанға автокөлік кілтін табыстады
Түйе палуанға автокөлік кілтін табыстады (Кеңес Барақатов атындағы Х ашық республикалық турнир)
Құлсарыда екі күн бойы дзюдодан дүбірлі дода өтті. Боз кілемдегі белдесу туралы хабар шартарапқа тарап та кетті. Бұл Кеңес Барақатов атындағы Х ашық республикалық турнир болатын.
Айтулы жарыстың тағы бір ерекшелігі — бұдан бұрын 9 рет халықаралық турнир ретінде өтсе, биыл осы жарысты ұйымдастыру алқасының төрағасы Сабыр Қанатбаевтың жұмыстануымен оныншы турнир республикалық дәрежедегі спорттық шаралардың күнтізбесіне енген еді. Аталған ашық республикалық турнир Жылыой ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтті. Боз кілемде сайдың тасындай іріктелген түйе палуандықтан үміткерлер мен жасөспірім спортшылар Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан және Қазақстанның әр облыстарынан келді. Турнирге қонақ ретінде шақырылғандардың орны — бір төбе. Олар: 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының дзюдо күресінен күміс жүлдегер Асхат Житкеев, дзюдодан ҚР мемлекеттік бапкері Ержан Байжұманов, Өзбекстан Республикасының Дзюдо Федерациясының президенті Атханбек Жамалов. Жарыстың бас хатшысы Аманбай Қыздарбаев (аталған жарыстың 2 мәрте жүлдегері, 2 мәрте темір тұлпар иесі), бас төрешісі Мади Сатанов болды.
Турнирдің ашылуында Асхат Житкеев, Ержан Байжұманов және Кеңес ағамен бірге талай жарысқа қатысып, бірге жүрген әріптесі, классикалық күрестен СССР спорт шебері Тәжмағанбет аға сөз сөйледі. Түйе палуанға бас жүлде — автокөлік тігілді ұрпақтары атынан.
100 мың теңге ақша
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 67 жыл толу қарсаңында аудандық әкімшілік, аудандық ардагерлер кеңесі бірлесіп ұйымдастыруымен майдангерлерге құрмет көрсетілді. Шараны жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығы Нұрадин Өмірбаев құттықтау сөзімен ашып, сөз кезегін Тілеген Кәдіровке берді.Ол жылдан-жылға ардагерлеріміздің қатары сиреп келе жатқанын, бүгінде 15 ардагер мен екі соғыс жесіріне қолдан келгенше құрмет жасап отырғандарын атап өтті. Мереке қарсаңында осындай шараны өткізуге демеушілік жасап отырған «Транс» ЖШС басшысы Аманқос Қабдешов ақ тілегін айтып, мекеме атынан алғысхаттар табыс етті. Сонымен қатар ардагерлерге бір-бір кілем сыйға тартты.
У «Атабы» крышу снесло (+ фото)

Атырау. 2 мая. ИА CaspioNews (Алдияр Аманиязов) – Сегодня во второй половине дня сильным порывом ветра снесло кровлю крыши супермаркета «Атаба», расположенного в микрорайоне «Алмагуль».
Под обломками остался автомобиль «Ниссан» и летний торговый павильон. Второму автомобилю пробило лобовое стекло. На месте работают чрезвычайные службы. Супермаркет закрыт. О жертвах и пострадавших не сообщается. В официальных органах информацию обещали представить позже.
Между тем, областной Департамент ЧС распространил штормовое предупреждение. В нём говорится, что 3 мая 2012 года в Атырауской области ночью ожидается усиление юго-западного ветра, местами 20-25 м/с (порывы 30 м/с). Департамент по ЧС Атырауской области просит население соблюдать меры личной безопасности, воздержаться от дальних поездок, а также руководителям организации принять необходимые меры безопасности по обстановке при особо сложных условиях.
«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы Құлсарыда да жүзеге асырылады
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында өңірлерді дамыту мәселесіне баса көңіл бөлінгендігі белгілі.
Онда ел Үкіметіне бір салалы шағын қалаларды дамыту туралы арнайы бағдарлама жасақтауды тапсырған-ды. Осыған орай еліміздің Экономикалық даму және сауда министрлігі тарапынан «Моноқалаларды дамыту» атты жаңа бағдарлама әзірленген-ді. Бағдарламаның мақсаты орта және ұзақ мерзімде моноқалалардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңғырту және қамтамасыз ету болып табылады. Осыған сәйкес 2012 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау барысында бағдарлама шеңберінде моноқалаларды жайғастыру мәселелерін шешуге арналған облыстардың бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттерді бөлу үшін тиісті қаражат қарастырылған. Осы бағдарлама шеңберінде шағын қалалардың көшелерін жарықтандыру, көгалдандыру, тұрғын үйлердің қорын сақтау және қоқыстарды тазарту, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, иесіз қалған объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар мен мал қорымдары полигондарын жайластыру, жылыту жүйелерін жөндеу, балалардың ауладағы ойын алаңдарын орнату тәрізді жұмыстарды қаржыландыру жоспарланған.








